Вакансиялар

CBM менеджері

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім (техникалық, математикалық, экономикалық, қаржы);
  • бизнес талдау саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу және күрделі талдаушылық есептерді (BigData) құру тәжірибесі;
  • клиенттік ақпаратпен жұмыс жасау тәжірибесі – саралау, талдау, клиенттер бойынша статистикалық есептеме құру;
  • деректер қорын, есептеме жүйелерін құру жобаларындағы жүйе интеграторларымен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • бизнеске қажетті болжау үлгілерін (шешімдер ағашы, нейрондық желі, регрессия) құру тәжірибесі;
  • SQL/ PL SQL/ Oracle BI, Oracle өте жақсы білу;
  • Үлкен көлемдегі мәліметтерді (100 млн. жолақтан асатын кестелер) талдау тәжірибесі;
  • Деректер қорының сәулеті мен жұмыс қағидасын және солардың негізіндегі аналитикалық жүйелерді білу;
  • Жеке қасиеттер: үйренгіштік, жауапкершілік, мұқияттылық, тіл тапқыштық, икемділік.

Міндеттері:

  • талдаушылық есептеме жүйелерін пайдалана отырып, талдамалы үлгілерді әзірлеу және енгізу;
  • компания абоненттері мен қызметтерін саралау үшін қолданыстағы клиенттік базаны талдау және абоненттерді жоғалтпау үлгілерін әзірлеу ұсыныстарын енгізу;
  • абоненттерге жеке ұсыныстар жасап, оны әрі қарай бағалау үшін басшылыққа сараптамалық бағалау мен ұсыныстар жасай отырып, абоненттің профилін бастама етіп көтеру және талдау жасау;
  • математикалық үлгілеу әдістерін пайдалана отырып, әр түрлі көрсеткіштер бойынша болжау және талдама үлгілерін әзірлеу және енгізу;
  • абоненттің профилін анықтау бойынша талдау ұсыну;
  • үлгілеу (cross-sell, up-sell белсенділік) нәтижелерін іске асыруға қажетті іс-шаралардың әдістері мен түрлері бойынша ұсыныстар беру;
  • Өткізілген сараланған компаниялардың/ жобалардың/ бөлшек сауда нарығы департаменті өнімдерінің тиімділігін талдау және кейіннен сараптамалық баға беру;
  • Коммерциялық көрсеткіштерді талдау, өзгерістердің себептерін анықтау, өзгерістердің және олардың туындау себептерінің сараптамалық бағалауын ұсыну;
  • басшылыққа талдаушылық есептемені дайындау;
  • талдаушылық есептемелердің нәтижелері бойынша басшылыққа ұсыныстар жасау; қабылданған ұсыныстар бойынша action-жоспарын әзірлеу;
  • тоғыспалы сатылымдар бойынша базаларды дайындау үдерістерін қолдау: ай сайынғы жобаларға қажетті клиенттік базаларды, көрсеткіштер бойынша есептерді жасау; жұмыс үдерісін қолдау және оңтайландыру
  • деректер базасын дамыту және оңтайландыру, жетіспейтін параметрлерді, көрсеткіштерді қосу, деректер сөресін енгізу, сынау.
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жасау бағытының аймақтық басшысы (Орал қ.)

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім;
  • басқарушы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • сауда жасау, жобаларды енгізу қағидаттары саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • телеком-нарықты білу;
  • қызметкерлерді басқарудағы және дамытудағы тәжірибе;
  • телекоммуникациялар саласындағы базалық білім;
  • ДК сенімді пайдаланушысы (MS Word, PowerPoint, MS Excel білу);
  • Ағылшын және қазақ тілдерін білуі жақсы бағаланады.

Менеджерлік және жеке қасиеттері:

  • Көшбасшылық әлеуеті;
  • тіл тапқыштық және ашықтық;
  • жауапкершілік, жинақылық, бастамашылдық;
  • мақсаткерлік, нәтижеге көзделушілік, белсенді өмірлік ұстанымының болуы.

Міндеттері:

  • аймақтағы бизнес-буынды дамытуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және өткізу;
  • корпоративтік бағыттағы клиенттерді талдау, кешенді шешімдер әзірлеу;
  • корпоративтік клиенттермен келіссөздер жүргізу, таныстырылымдар өткізу, байланыстар орнату;
  • аймақтың сауда арнасын басқару және дамыту;
  • бағыттың негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу және талдау;
  • топты басқару, дамыту және уәждемелеу.
Монобренд салонының аға маманы, Шахтинск қ.

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім;
  • осыған ұқсас жайғасымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;
  • топты басқару тәжірибесі;
  • ДК сенімді пайдаланушысы;
  • жеке қасиеттері: тіл тапқыштық, күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, нәтижеге көзделушілік;
  • ағылшын және қазақ тілдерін білуі жақсы бағаланады.

Міндеттері:

  • мамандар тобының жұмысын ұйымдастыру және басқару;
  • сеніп тапсырылған аймақтағы сауда жоспарының орындалуын талдау және бақылау;
  • мамандарды таңдау және оқыту;
  • есептілік жүргізу.
Электр энергиясы шарттарымен айналысатын маман

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім (заң, экономикалық);
  • келіссөз жүргізу машықтары;
  • 1С білу;
  • ДК сенімді пайдаланушысы;
  • жеке қасиеттері: тіл тапқыштық, мұқияттылық, топта жұмыс істеу қабілеті, жауапкершілік, сыйластық, нәтижеге көзделушілік, атқарғыштық, жұмысқа ерекше көңілмен қараушылық.

Лауазымдық міндеттері:

  • жалдамалы нысандарға телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін электр энергиясымен жабдықтау шарттарын жасау және сүйемелдеу;
  • төлемақысын уақытылы төлемеген жағдайда нысандарды электр энергиясынан ажыратумен байланысты мәселелерді және электр энергиясымен байланысты кез-келген басқа да мәселелерді реттеу;
  • қадағаланатын нысандар бойынша э/э төлемінің уақытылы төленуін бақылау және талдау жасау.
Сервистік платформаларды дамыту және пайдалану жөніндегі инженер (VAS)

Қойылатын талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • GSM, WCDMA/HSPA, LTE технологиясындағы базалық білім;
  • Ұялы байланыс желісін құру қағидаларын білу;
  • SQL білу;
  • Ағылшын тілі – intermediate деңгейі.
  • ДК сенімді пайдаланушысы (Microsoft Word, Excel, Power Point, Access)
  • жеке қасиеттері: тіл тапқыштық, жауапкершілік, үйренгіштік, топпен жұмыс істеу ниеті және қабілеті.

Міндеттері:

  • ұялы байланыстың қосымша қызметтері сервистернің, тиісті деректер базасы мен бағдарламалық қосымшалардың жұмыс жасауының қажетті қажетті өнімділігін қамтамасыз ету, жұмысқа қабілеттілігін іске асыру және баптау;
  • туындайтын мәселелерді жою, бағдарламалық жасақтаманың нұсқаларын уақытылы жаңарту;
  • қосымша көшірме жасау және қажет болған жағдайда, ұялы байланыстың қосымша қызметтері сервистерінің, тиісті дерек базалары мен бағдарламалық қосымшалардың жұмыс жасауы үшін аса қажет деректерді қалпына келтіру;
  • жүйелердің қысқа байланыстар орталығымен өзара әрекеттесу үдерістерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету. Пайдаланушыларға туындаған мәселелерді шешуде қолдау көрсету;
  • Қоғамның мерзімді есептемесі нысандарын автоматтандыру мен генерациялау бойынша жасалатын жұмыстар, қажет болған жағдайда ұялы байланыстың қосымша қызметтерін көрсетуге қатысты жаңа есептерді жасау;
  • пайдаланылатын қызметтер мен қосымшалар ортасындағы ақпараттың тиісінше қорғалу деңгейін қамтамасыз ету;
  • бағдарламалармен жұмыс жасауды үйрету және пайдаланылатын жүйе операторларына кеңес беру;
  • пайдаланылатын бағдарламалық өнімдердің техникалық қолдау қызметтерімен – туындайтын мәселелерді реттеуге байланысты сұрақтар бойынша өзара әрекеттесу;
  • қажетті пайдалану құжаттамаларын жүргізу;
  • смс орталығымен байланысты барлық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету;
  • абоненттердің шағымдарын қарау.
Абоненттік құрылғыларды қолдау жөніндегі маман (Алматы, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл)

Қойылатын талаптар:

  • арнайы орта/жоғары білім (техникалық);
  • абоненттік және радиотехникалық жабдықтармен жұмыс жасау тәжірибесі кемінде 1 жыл;
  • қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс тәжірибесі;
  • ұялы телефондардың, модемдердің, роутерлердің, бағдарлауыштардың және планшеттердің істен шығу себептерін анықтай білу;
  • ұялы телефондарды, планшеттерді, модемдерді, роутерлерді, бағдарлауыштарды толығымен бөлшектеу және жинау машықтары;
  • құрылғылардың негізгі істен шығу себептерін білу және оларды жоя білу;
  • жеке қасиеттері: тіл тапқыштық , топпен және абоненттермен жұмыс істей білу, күйзеліске төзімділік, нәтижеге көзделушілік, ұқыптылық, зерделілік, жауапкершілік, жұмыс істеуге талпыну.

Міндеттері:

  • абоненттік жабдыққа (телефондар, роутерлер, модемдер және т.б.) диагностика жасау және жөндеу;
  • жөндеу бойынша түсініктемелер, диагностика жасау нәтижелерін, жөндеу мерзімдерін және т.б. көрсету;
  • абоненттерге кеңес беру;
  • клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі мамандарға және Компанияның басқа да қызметкерлеріне кеңес беру және практикалық көмек көрсету;
  • жасалған жөндеу жұмыстары бойынша есептемелер мен статистикалық деректерді дайындау;
  • қондырғыны сынау және сол бойынша нәтижелер жасау
Электр энергиясын есепке алу жөніндегі маман

Қойылатын талаптар:

  • жоғары техникалық немесе қаржылық білім;
  • қаржы құжаттарымен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • есептілік жүргізу машықтары;
  • 1С-те жұмыс жасау тәжірибесі;
  • ДК сенімді пайдаланушысы;
  • Жеке қасиеттері: ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, дербестік, атқарғыштық, топта жұмыс істеу қабілеті.

Міндеттері:

  • электр энергиясы төлемдерін есепке алу бойынша қаржы бақылауы;
  • Компанияның басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.
Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі бухгалтер

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім (қаржылық, экономикалық);
  • бухгалтериядағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;
  • 1С:8 бағдарламасында жұмыс жасау машықтары;
  • ДК сенімді пайдаланушысы;
  • порталда электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша жұмыс тәжірибесі;
  • жеке қасиеттері: топта жұмыс істеу қабілеті, тіл тапқыштық, шапшаңдық, бастамашылдық, мәселелерді өз бетімен шешу қабілеті, күйзеліске төзімділік.

Міндеттері:

  • ОЖ, ҰЖ, қондырғыны мақұлдау мен жүргізуге қатысты ХҚЕС талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
  • бухгалтерлік есептің сеніп тапсырылған аймағындағы бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылау;
  • Бухгалтерлік есептің шоттарында негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
  • Жеткізушілермен өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісіне қол қою;
  • ТМҚ мен НҚ түгендемелерін жүргізуге қатысу;
  • Есептілікті құруға қажетті деректерді ұсыну, статистикалық есептемені тапсыру
Аймақтағы желіні пайдалану тобының жетекші аймақтық инженері (Өскемен қ.)

Қойылатын талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • жұмыс үдерісін ұйымдастыру және бөлімше басқару машықтары;
  • радио желісі жабдықтарымен жұмыс жасау машықтары;
  • жеке көлігінің болуы;
  • жеке қасиеттері: табандылық, жоғары жұмыс істеу қабілеттілігі, жауапкершілік, мақсаткерлік

Міндеттері:

  • аймақтағы желіні пайдалану тобын басқару;
  • өзінің құзыреттілігі шеңберінде кездесулер мен келіссөздер жүргізу;
  • аймақ бойынша көлік желісі мен радио жабдықтарын пайдалану және оған қызмет көрсету;
  • аймақтағы жұмысқа есептеме дайында, талдау жасау;
  • қойылған мақсаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
  • тиісті KPI орындау тиімділігін арттыру.
Жетекші аймақтық инженер (Тараз қ.)

Қойылатын талаптар:

  • Жоғары техникалық білім;
  • Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • басқарушы жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • радио желісі жабдығымен жұмыс жасау машықтары;
  • жеке көлігінің болуы.

Міндеттері:

  • Жамбыл аймағындағы желіні пайдалану тобына басшылық ету;
  • өзінің құзыреттілігі шеңберінде кездесулер мен келіссөздер жүргізу;
  • аймақтағы көлік желісі мен радио жабдықтарын пайдалану және оларға қызмет көрсету.
Тәуекелдерді бағалау жөніндегі маман

Қойылатын талаптар:

  • жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • жалгерлік шарттарға құқықтық сараптама жасау машықтары;
  • азаматтық, әкімшілік, жер, тұрғын үй және отбасылық заңнамасы мен басқа да құқық салаларді білу;
  • жалгерлік шарттар бойынша жұмыс жасау тәжірибесі;
  • телекоммуникациялық компаниядағы жұмыс жасау тәжірибесі жақсы бағаланады;
  • келіссөздер жүргізу тәжірибесі;
  • жеке қасиеттері: топпен жұмыс істей білу, тіл тапқыштық, оңай үйренгіштік.

Міндеттері:

  • жалгерлік шарттарды келісімдеу;
  • компания қызметкерлеріне заң мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Компания бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.
Клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі маман (Алматы қ., Шымкент қ, Ұзынағаш к, Шонжы к.)

Қойылатын талаптар:

  • Арнайы орташа немесе аяқталмаған жоғары білім;
  • Бастапқы бухгалтерлік құжаттамамен және кассалық операциялар бойынша есептемемен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • Қолма-қол ақшамен және пос-терминалмен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • Сату немесе қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі шамамен бір жыл (дұрыс болады);
  • Клиенттермен қарым-қатынас орнату машықтары, тіл тапқыштық;
  • Жауапкершілік, ұқыптылық, зерделілік;
  • ДК сенімді пайдаланушысы (MS Word, MS Excel, Outlook білуі);
  • Сауатты сөйлеу.

Міндеттері:

  • Абоненттерге компанияның қызметтері, тарифтері және акциялары бойынша кеңес беру;
  • Клиенттермен келісімдер жасау және қайта жасау, нөмірлерін қалпына келтіру, сим-карталарын ауыстыру және т.б.;
  • Компанияның қызметтері мен өнімдерін сату;
  • Клиенттерге өнімдерді пайдалануда және қызметтерді баптауда көмектесу;
  • Төлемдерді қабылдау және есептемелер жасау.
Аймақтағы сатылымдарды дамыту жөніндегі менеджер

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім (экономикалық болғаны абзал);
  • телекоммуникациялар саласындағы немесе FMCG секторындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;
  • келіссөз жүргізу тәжірибесі, клиенттермен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • таныстырылымдық машықтарының болуы;
  • іссапарларға шығу мүмкіндігі;
  • жеке қасиеттері: мақсаткерлік, ұқыптылық, жауапкершілік.

Міндеттері:

  • аймақтың мультибрендті арнасындағы белсенділіктерді басқару;
  • аймақтық сауда тобымен, делдалдармен және дистрибьюторлармен өзара әрекеттесу;
  • мультибрендті арнаны дамыту қажеттіліктері мен жолдарын анықтау;
  • сауданы ұлғайту идеяларын әзірлеуге қатысу;
  • аймақтық сауда тобы үшін сауда тренингтерін өткізу;
  • өткізілген белсенділіктердің тиімділігін талдау және есептеме ұсыну;
  • аймақтардағы мультибрендті арнаның қызметіне жалпы бақылау жасау.
Әзірлеуші-инженер

Қойылатын талаптар:

  • Жоғары техникалық білім;
  • Java-мен жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • Tomcat, JBoss AS серверінің Java, JEE (JPA, JDBC, CDI, Weld, EJB3) , JSF (PrimeFaces, RichFaces), JavaScript, JQuery , AngularJS технологияларымен жұмыс жасау тәжірибесі, Oracle (SQL, PL/SQL) ДБ жұмыс істеу қабілеті;
  • Ұялы платформаларға арналған қосымшаларды жасау тәжірибесі (Android, iOS);
  • Көп пайдаланылатын, көп ағынды, жоғары жүктелген қосымшаларды жасау тәжірибесі;
  • Дерек қорларын жасауға қатысу тәжірибесі;

Міндеттері:

  • Жарамды ИТ-шешімдерді іздеу;
  • Өзіндік шешімдерін шығару және сынау;
  • Қолданылатын қосымшаларды қолдау (түзету/жетілдіру);
  • Жоба бойынша құжаттарын жасау;
  • Жүйелерді дамыту жобаларына қатысу.
Монобрендтердегі өнімдер мен қызметтерді дамыту жөніндегі маман

Қойылатын талаптар:

  • саудадағы жұмыс тәжірибесі жақсы бағаланады;
  • sales белсенділіктері мен бағдарламаларын жасау, енгізу және тиімділігін бағалау тәжірибесі;
  • маркетинг негіздерін білу;
  • ДК сенімді пайдаланушысы;
  • жеке қасиеттері: мақсаткерлік, топта жұмыс істей білу, тіл тапқыштық, нәтижеге көзделушілік, оңай үйренгіштік, ашықтық.

Міндеттері:

  • монобрендті салондар мен модульдердегі қызметтердің, бастапқы пакеттердің, жабдықтардың, бандлдардың және т.б. сатылымын ұлғайтуға бағытталған бағдарламалар мен акцияларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;
  • монобрендтік нүктелердегі POS материалдардың орналастырылуын және өзектілігін бақылау;
  • жарнаманы орналастыру, барлық жоспарланған белсенділіктерді іске қосу және іске асыру бойынша монобренд қызметкерлерімен өзара әрекеттесу;
  • жасалған жұмыс нәтижелері бойынша есептеме дайындау.
Құжаттау және сынау жөніндегі маман

Қойылатын талаптар:

  • жоғары IT білімі;
  • сынау саласындағы жұмыс тәжірибесі жақсы бағаланады;
  • ағылшын тілінде еркін сөйлеу;
  • жеке қасиеттері: топпен жұмыс істей білу, тілтапқыштық, жігерлілік, оңай үйренгіштік, күйзеліске төзімділік.

Міндеттері:

  • жоба бойынша құжаттарды бақылау;
  • жобаларды сынау мерзімдері мен мазмұндарын бақылау, сынау кейстерін әзірлеуге қатысу;
  • шағын жобаларды басқару (Ин хаус, сыртқы әзірленімдер);
  • жобаларды басқару жүйелері мен жобаларды сынау жүйелерін басқару;
  • жобалар бойынша деңгейлі есептер дайындау;
  • басшының әр түрлі өзге нұсқауларын орындау.
Аймақтардағы желіні пайдаланушы топтың жетекші аймақтық инженері (Орал қ.)

Қойылатын талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • басқарушы жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • телекоммуникация саласындағы жабдықтар мен жұмыс қағидаларын білу;
  • жеке көлігінің болуы.

Міндеттері:

  • Батыс Қазақстан аймағы коммутаторының радио және трансмиссия желісін пайдалану және соған қызмет көрсету;
  • желідегі апаттарды талдау және мониторинг жүргізу;
  • бөлімше бойынша алға қойылған міндеттерін жоспарлау және олардың уақытылы орындалуын бақылау;
  • бөлімшенің жұмысы мен үдерістерін ұйымдастыру, бақылау және талдау;
  • өзінің құзыреттілігі шеңберінде кездесулер мен келіссөздер жүргізу.
Сауда желісін дамыту жөніндегі супервайзер (Көкшетау қ., Қызылорда қ.)

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім;
  • сауда саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • топты басқару тәжірибесі;
  • облыстық елді мекендерде дистрибуцияны құру тәжірибесі;
  • қаржылық және іскерлік құжаттармен жұмыс жасау, ынталандыру және тәлімгерлік жасау машықтары, топ құру қабілеттері;
  • кездесулер ұйымдастыру және келіссөздер жүргізу машықтарының болуы;
  • тренингтер жүргізу машықтары;
  • жеке автокөлігінің болуы;
  • жеке қасиеттері: ашықтық, апта сайынғы өзгерістерге дайындық, күйзеліске төзімділік, өзін-өзі сынай білу, тез әрекет ету қабілеті, тіл тапқыштық.

Міндеттері:

  • СН-дегі нөмірлер мен жабдықтардың саудасын басқару;
  • СН-дегі мерчендайзинг, брендтеу, басым болу;
  • СН-де Компанияның өнімдері желісін ілгері жылжыту;
  • СН сатушыларының Уәждемелік бағдарламаға қатысуын бақылау;
  • Көкшетау, Степногорск, Щучинск ,Макинск аймағындағы және МТ арнасында жақын жатқан аудандардағы сауданы бақылау;
  • Сауда тобын басқару, KPI орындау;
  • Дебиторлық берешекті бақылау;
  • Компанияның іскерлік әдеп нормаларын сақтау: сыпайы және шыдамды болу, Компанияның басқа қызметкерлері мен клиенттеріне дөрекілік мінез көрсетпеу.
Жетекші жүйе әкімшісі

Қойылатын талаптар:

  • Жоғары техникалық / IT білім;
  • Осы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
  • MicrosoftWindows, ActiveDirectory, DNS, DHCP, GP, WSUS, Exchange, MSSQL, PKI, Sharepoint серверлік технологиялары бойынша сенімді білім;
  • әр түрлі өндірушілердің сызбаларын сенімді білу және түсіну (Microsoft, VMWare, Citrixetc.);
  • VmWarevSphere-мен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • қосымша көшірме жасау, вирусқа қарсы жүйелермен, proxy-серверлермен, web-сүзгілермен, инфрақұрылымның басқарылуына мониторинг жүргізу және оны автоматтандыру жүйелерімен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • TCP/IP, DNS, DHCP, SMTP, HTTP, VPN хаттамаларын білу;
  • инфрақұрылымды қызмет сәулеттерін жоспарлау машықтары;
  • жобаларды басқару машықтары;
  • OC Linux серверлерін басқару машықтары;
  • жеке қасиеттері: жылдам үйренгіштік, топпен жұмыс жасай білу, талдамалы ойлау, шапшаң әрекет етіп, дербес шешімдер жасау қабілеті, кәсіби өсуге талпыну, білімі мен машықтарын практикада барынша пайдалана білу.

Міндеттері:

  • Active Directory + DNS, DHSP, WSUS, GP, AD Audit Pro, Citrix, Zabbix, Checkpoint, Sharepoint жүйелері мен платформаларын басқару;
  • McAfeeGateway, VMwareHorizon, файл сақтау орындарын, бақылау және екінші қайтара қолдау, вирусқа қарсы қорғау;
  • Инфрақұрылымдық сервис сәулеттерін жоспарлау және қолдау;
  • қолданылатын технологияларды оңтайландыру және жаңа технологияларды енгізу;
  • инфрақұрылым мен IT-қызметтердің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Инфрақұрылым жұмысындағы тәуекелдердің предиктивтік анықтау;
  • инфрақұрылым жұмысына мониторинг жасау, оның өнімділігін, қолжетімдігін және сыйымдылығын талдау;
  • бөлім жобаларын жүргізу және оларға белсене қатысу;
  • техникалық құжаттарды жүргізу.
Ішкі коммуникацияларды қолдау жөніндегі маман

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім (журналистика, PR);
  • осыған ұқсас жайғасымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;
  • ағылшын тілінде еркін сөйлеу;
  • ДК сенімді пайдаланушысы;
  • жеке қасиеттері: тіл тапқыштық, ашықтық, икемділіқ, топпен жұмыс істей білу.

Міндеттері:

  • коммуникациялық жоспарды құруға қатысу, сондай-ақ компаниядағы ішкі коммуникациялар жүйесін құру;
  • қызметкерлерге компанияның корпоративтік өмірі туралы өзекті ақпаратты, сондай-ақ саладағы және нарықтағы ақпараттар мен жаңалықтарды жеткізу, компанияның жетістіктері және т.б. жайлы мәлімдеу;
  • қызметкерлерге өзінің міндеттерін аса тиімді орындауына мүмкіндік беретін, қауіпсіздік пен жұмысқа деген жауапты қатынас деңгейін арттыратын, әр түрлі корпоративтік рәсімдердің және т.б. өтуін жылдамдататын арнайы кәсіби ақпаратты ұсыну;
  • компанияның барлық қызметкерлері үшін жалпы қабылданған бірыңғай корпоративтік стильді, корпоративтік тілді қалыптастыру және соны ұстану;
  • корпоративтік интранет-порталды ақпаратпен толықтыру, сондай-ақ деңгейін көтеру;
  • жұмыс берушінің брендінің жайғастырымы негізінде компанияның танымдылығын арттыруға бағытталған іс-әрекеттер жоспарын жасау және орындау;
  • компанияның жұмыс беруші ретіндегі оң абыройын қолдауға бағытталған іс-шараларын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • компания қызметкерлеріне арналған корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру: жасампаз тұжырымдама құру, қажет болған жағдайда мердігерлерді таңдау, ұйымдастыру және өткізу.
Сall-орталық операторы

Қойылатын талаптар:

  • Орта немесе аяқталмаған жоғары білім;
  • Сауатты сөйлеу және анық дикция;
  • Байланысқа бейімділік, сабырлылық және позитивті ойлау;
  • Көп көлемді ақпаратпен жұмыс жасай білу дағдысы;
  • Қазақ және орыс тілін білу;
  • Клиенттерге қызмет көрсетудегі жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес.

Міндеттері:

  • Компанияның тарифтері, қызметтері және науқандары юойынша ақпараттар ұсыну;
  • Өнімдерді пайдалану және қызметтерді реттеуде клиенттерге көмек көрсету;
  • Клиенттердің сұрауларын өңдеу және ақпараттарды деректер базасына енгізу;
  • Қоңырау шалғанда оңды эмоциялық көңіл-күйде болу.