Tele2-нің тиімді бағалары

Біз, Tele2 компаниясындағылар, сан-алуан және сапалы ұялы байланыс қызметтерінің бағалары төмен болуы тиіс екеніне көз жеткізгенбіз. Бұл үшін жасау керек болатын нәрсе — бағаларды әрі қарай төмендетуге үздіксіз талпыну және шығындармен ымырасыз күресу.

Міне бірнеше қарапайым құпиялар:

  1. Артық ештеңе болмауы тиіс! Қазір бізде 4 тариф қана бар. Олардың арасынан сен әрдайым өзіңе қажеттісін табасың. Осылайша, біз ондаған тарифтік жоспарларды қолдап отыруға және жылжытуға артық ақша жұмсамаймыз, ал біздің абоненттеріміз аса төмен бағамен сапалы байланысқа қол жеткізеді.
  2. Басты нәрсеге назар аудару керек! Біздің коммуникациямыздағы негізгі назар аударылатын нәрсе – әрдайым ең басты назарда – біздің бағаларымыз, біздің өте төмен бағаларымыз. Біз Tele2 операторының біршама артықшылықтары туралы хабарлау үшін қымбат арналарды пайдаланбаймыз, ал біздің абоненттеріміз ұялы байланыс үшін артық ақша төлемейді.
  3. Әр адам өз ісімен айналысады! Бізде қызметкерлер штаты шағын, бірақ олардың әрқайсысы – азырақ уақытта міндеттердің үлкен көлемін атқара алатын нағыз кәсіпқойлар. Қызметкерлердің азырақ болуы – шығындардың азаюы – бағалардың төмендеуі!
  4. Қарапайым бол! Біз қымбат кеңселерді жалға алмаймыз. Кез-келген операциялық шығындарға біз күмәнмен қараймыз.Біз өз абоненттеріміздің көбірек сөйлесуін қамтамасыз ету үшін, өзімізге азырақ қаржы жұмсаймыз!
  5. Сапа – бәрінен жоғары! Біз жетекші әлемдік өндірушінің ең жаңа жабдықтарын орнаттық, сондықтан біз оны жөндеу үшін және жаңарту үшін тұрақты түрде ақы төлеп отырмаймыз. Жоғары сапа және төмен бағалар – үйлесімділік таба алады!