Құрметті абоненттер,

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша Tele2 және Altel желілерін біріктіру жөніндегі ауқымды техникалық жұмыстар жүргізілуде. Желілерді біріктіру – қамту аумағын кеңейтуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Барлық техникалық жұмыстар 2017 жылдың 2-ші тоқсанының соңына қарай аяқталады деп жоспарлануда. Сыни жұмыстардың басым көпшілігі желінің ең төмен жүктелу уақытында жүргізіледі, алайда дәлелді себептермен, көрсетілетін қызметтерде қысқа уақыттық шағын іркілістер орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда 611 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласпауларыңызды сұраймыз. Әрбір өтінім жеке тәртіпте өңделеді.

Орын алуы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.


Шілде

21.07.2017 Жайсыздықтар үшін өтемақы

Құрметті абонент!
Біз 18 шілдеде барлық сервистердің жоғалуына апарып соқтырған желіміздегі апат үшін өз кінәмізді ешбір жолмен жуып-шая алмайтынымызды түсінеміз. Біз Компаниямыздың атынан Сізден шын жүректен тағы кешірім сұраймыз.

17.07.2017 18 және 19 шілде 2017 ж. уақыт аралығындағы құрылғыны ауыстыру жүргізілетін жұмыстар

Құрметті абонент,
Сізге 18 және 19 шілде 2017 ж. уақыт аралығындағы құрылғыны ауыстыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлаймыз.