Роуминг

Саяхатта жүріп,
байланыста бол!

Қосылу

«Роуминг» қызметін Қазақстан Республикасы аумағында қосу керек.
Қызметке қосылу үшін ақы алынбайды.


Қызметті кез келген тәсілмен қосуға/өшіруге болады:

  1. Жеке кабинетте;
  2. Ұялы телефоннан келесі командаларды теру арқылы:
    • қосылу: *125*1#
    • өшіру: *125*2#
  3. SMS жіберу:
    • қосылу: 125 нөміріне «1» мәтінін жіберу
    • өшіру: 125 нөміріне «2» мәтінін жіберу
  4. Tele2 байланыс салондарына өтінішпен және жеке басыңызды куәландыратын құжатпен келуіңіз керек.
Ұсынымдар

Қызметті қолдану одан да ыңғайлы және тиімді болу үшін келесі ұсынымдарға назар аударыңыз:

  • Басқа елдің аумағына келгеніңізде, телефоныңызды қосып қойыңыз.
  • Телефонды қосқаннан кейін желі екі түрлі тәсілмен іздестіріледі: ұялы желіні қолмен және автоматты тәртіпте таңдауға болады.

Автоматты іздестіру
Қолмен іздестіру

Егер ұялы телефон желіде автоматты түрде тіркелсе (аппараттың дисплейінде жергілікті оператордың атауы немесе сол желінің коды шықса), сіз қоңырау шалып, қабылдай аласыз.

  1. «Желі» немесе «Ұялы желіні таңдау»қызметін тауып, жаңа желіні іздестіру.
  2. Аппараттың дисплейінде жергілікті оператордың атауы немесе сол желінің коді немесе соның барлығы шығады.
  3. Tele2-мен роумингтік келісімшарт жасасқан операторлар тізімінен таңдау жасаңыз.
Нөмірді теру

Қоңырау шалудың 2 технологиясы бар – CAMEL және Callback

  • «География және роумингтегі тарифтер» қосымша бетінен баратын еліңізді таңдау керек.
  • Ашылған терезеден сіз тарифтер туралы толық ақпарат ала аласыз.
  • Қоңырау шалу технологиясын тексеру үшін «Технология» тармағына назар аударыңыз.

CAMEL:
«+» «ел коды» «қала немесе оператор коды» «нөмір»


Callback:

  1. USSD-командасының көмегімен кері қоңырауға тапсырыс беріңіз:
    *130*«ел коды» «қаланың немесе оператордың коды» «нөмір»#
  2. Сұранымыңыздың қабылданғаны жайлы SMS-хабарлама алыңыз.
  3. Бірнеше секунд өткен соң кері қоңырау қабылдаңыз. Жауап берген соң шақырылып отырған абонентпен байланыс жасалады.
Қызмет туралы

Роуминг – бүкіл әлемге саяхат жасаған кезде кез келген оңды теңгерімде ұялы байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігін береді. Қызмет Tele2-мен роумингтік келісім жасасқан операторлар желісіне жарамды.

Шығыс/кіріс қоңыраулар және SMS –тер үшін ақы нақты уақыт режімінде алынады. Роумингтегі тарифтеу қадамы 10 секундқа тең.


Сапарда болғанда, әрқашан байланыста бол және роумингтегі шотты үй желісіндегідей оп-оңай толтыр!


Теңгерімді толтыру

*111# - теңгерімді роумингте тегін тексеру.


Теңгерімді келесі тәсілдермен толтыруға болады:

  1. Онлайн-төлем
  2. Теңгерімді толтыру карталары
  3. «Менің шотымды толырт» және «Мобильді аударым» қызметтері

Қызмет туралы

  • «Қоңырауды басқа нөмірге бағыттауды» және «Дауыстық поштаны» міндетті түрде өшіруіңіз керек. Бұл қызметтер күтпеген шығындарға алып келуі мүмкін. Орнатылған бағыттауларды телефоныңыздың мәзірінен немесе ##002# командасы арқылы өшіруге болады.
  • Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай елдерімен шектес аумақтарда сол елдердің ұялы операторларының желілеріне автоматты түрде ауысу мүмкіндігі бар. Егер сіз шекарамен шектес аймақтарда болсаңыз немесе сол жерлерде тұрсаңыз және сізге роуминг қызметі қажет болмаса, сіз оны *125*2# командасы арқылы өшіре аласыз.
  • Егер сіз Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне баруға жиналсаңыз, сіздің телефоныңыз роумингтік серіктестің GSM стандартын қолдайтынына көзіңді жеткізіңіз. Көбінесе бұл GSM 850/1900 стандарты. Жапония және Оңтүстік Кореяда әрқашан байланыста болу үшін сізге WCDMA стандартындағы үшінші буын (3G) желілерінде жұмыс жасайтын телефон аппараты қажет болады.
  • Сіздің телефоныңыз қолдайтын стандарттардың тізімі телефон аппараттының нұсқаулығында берілген. Назарларыңызды келесіге аударамыз, телефондардың кейбір үлгілерінде талап етілетін стандартты қолмен таңдау керек. Бұл ақпаратты телефон нұсқаулығынан анықтауға болады.

«Роуминг» қызметі туралы ақпаратты 688 қсықа нөмірі бойынша білуге болады.
«Роуминг» қызметіне баға беріңіз