Интернет

Ақпаратқа ие бол


Егер ноутбукпен немесе ноутбуксыз Қазақстанды аралап жүргенде, саяжайда демалып жатқанда немесе жол жүріп бара жатқанда сенде тек ұялы байланыс қана бар болса, ал саған интернетке қол жеткізу қажет болса, «Мобильді интернет» қызметі таптырмайтын серігің бола алады.


Келесі телефондарға қоңырау шалу арқылы интернетті баптауға болады

  • 800 - Tele2 ұялы нөмірінен
  • 8 727 355 07 21 – қала телефонынан (Алматы үшін тегін, басқа аймақтар үшін – КЗТ тарифтері бойынша)

GPRS (General Packet Radio Service) дегеніміз — сымсыз деректерді беру. Tele2 абоненттеріне Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуге мүмкіндік береді.


EDGE (Enhanced Dataratesfor GSM Evolution) дегеніміз — 2G және 2.5G (GPRS) желілерінің үстінен қондырма ретінде жұмыс істейтін, ұялы байланысқа арналған сандық технология.


GPRS пайдаланушылары сыммен қосылғандай тәртіпте, GPRS/GSM желісінің қамту шегінде Интернетке толық көлемде қол жеткізе алады. Яғни, GSM желісінің қамтуы бар болса, онда GPRS қамтуы да бар деген сөз.


GPRS – Интернет-провайдерге қоңырау шалмастан және Интернетке қол жеткізуді сатып алмастан, қызметтерге лезде қол жеткізуді ұсынады.


Деректерді беру тәртіптемесінен шықпастан, телефонға қоңырау қабылдау мүмкіндігі бар. Тек берілген/алынған ақпараттың көлеміне ғана ақы төленеді. GPRS-те деректерді берудің ең жоғарғы болжанған жылдамдығы секундына 171,2 Кбитті құрайды. EDGE – деректерді беру жылдамдығын секундына 480 Кбитке дейін арттыруға мүмкіндік береді.


3G – мобильді байланыс технологияларының 3-буыны — Интернет желісінің қызметтеріне жоғары жылдамдықпен мобильді қол жеткізуді және деректер беру арнасын құратын радиобайланыс технологиясын біріктіреді. Мобильді байланыстың үшінші буыны деректерді пакеттік берудің негізінде құрылған. 3G үшінші буын желілері секундына 3,2 Мбитке дейінгі жылдамдықпен деректерді бере отырып, дециметрлік диапазон жиіліктерінде жұмыс істейді, әдетте, шамамен 2 ГГц диапазонында. Олар ақпараттың үлкен көлемін беруге/қабылдауға, ұялы телефонда фильмдер мен телебағдарламаларды көруге және т.б. мүмкіндік береді.

WAP (Wireless Application Protocol) дегеніміз — тікелей ұялы телефондардан Интернеттің ақпараттық және сервистік ресурстарына сымсыз қол жеткізу хаттамасы. WAP-қызметтерін кез-келген тәулік мезгілінде, кез-келген жерде пайдалануға болады.


WAP арқылы интернетте жұмыс істеу үшін саған қосымша құрылғылар (компьютер және модем) қажет емес, WAP қолдауы бар ұялы телефонның өзі жеткілікті болады.


WAP-сайттар веб-серверлерде орналасады және ұялы телефондардың мүмкіншіліктеріне – яғни, кішкене экрандарға және шағын көлемдегі жадыға бейімделген арнайы форматта ұсынылады.

Бұл қызмет барлық абоненттерге үнсіздік бойынша қосылған, ешқандай қосымша әрекеттерді жасаудың қажеті жоқ.


Интернетке қол жеткізудің тарифтелуі өзгермейді және сенің тарифтік жоспарыңа және қосылған «Интернет-пакеттер» қызметіне сәйкес келеді, ал бұл пакеттер мобильді интернеттің құнын төмендетеді.


Tele2 жылдамдықты интернетін пайдалану оңай болып отыр!

Келесі телефондарға қоңырау шалу арқылы интернетті баптауға болады

  • 800 - Tele2 ұялы нөмірінен
  • 8 727 355 07 21 – қала телефонынан (Алматы үшін тегін, басқа аймақтар үшін – КЗТ тарифтері бойынша)

GPRS баптамалары


GPRS/EDGE автоматты баптамаларын алу үшін, 800 нөміріне бос SMS-хабарлама жібер.


Қолмен жасалатын стандартты баптамаларды алу үшін, ұялы телефоннан келесі пәрменді тер:
*109*150#.


- Телефон үлгілерінің басым көпшілігіне арналған мобильді интернет баптамалары мына сілтемеде берілген.


Телефонды қолмен баптау:


Қол жеткізу нүктесі (APN): internet.tele2.kz

TCP/IP баптамалары:

IP-мекенжайды автоматты түрде алу
DNS-сервердің мекенжайын автоматты түрде алу
Логин: маңызды емес, бос қалдыруға болады
Пароль: маңызды емес, бос қалдыруға болады


Келесі параметрлерді қолдану арқылы, пайдаланылып отырған жабдықты баптау керек:


Қашықтан қосылу телефонының нөмірі: *99#, немесе *99***1#, немесе *99***2#, немесе *99***3# (# белгісінің алдында тұрған соңғы сан – телефонның баптамаларындағы «internet» қол жеткізу нүктесінің орналасқан реттік нөмірін білдіреді).


Модемді инициалдау жолағы – телефонның үлгісіне қарай әр-түрлі болуы мүмкін.


Төменде нұсқалары келтірілген:

1. AT+CGDCONT=1,«IP»,«internet.tele2.kz»
2. +CGDCONT=1,«IP»,«internet.tele2.kz»
3. Немесе бұл жолақты бос қалдыру керек.


Барлық қалған параметрлері – абоненттің қалауы бойынша. Телефондардың үлгісіне қарай, алаңшалардың атауы өзгешеленуі мүмкін. Егер сен Интернетке қол жеткізуді өз бетінше баптай алмасаң, жақында орналасқан Tele2 байланыс салонына жүгін немесе өзіңнің ұялы телефоныңнан 800 нөміріне қоңырау шал. Сенің телефоныңды тегін баптап береді.


WAP баптамалары


WAP автоматты баптамаларын алу үшін, 800 қысқа нөміріне «WAP» мәтіні бар SMS жіберу керек. Келіп түскен баптамаларды телефон жадысында сақтап қою керек.


Телефонды қолмен баптау:


APN: wap
Proxyserveraddress: (бос болуы тиіс)
Proxyportnumber: (бос болуы тиіс)

Бұл параметрлер әдетте үнсіздік бойынша:

PhoneIP address: Automatic
DNSaddress: Automatic
Databearer: Packet data
Username: қажет емес
Password: қажет емес


Барлық қалған параметрлері – абоненттің қалауы бойынша.


Телефондардың үлгісіне қарай, алаңшалардың атауы өзгешеленуі мүмкін.


Егер сен өз бетінше WAP баптай алмасаң, жақын жерде орналасқан Tele2 байланыс салонына жүгін немесе өзіңнің ұялы телефоныңнан 800 нөміріне қоңырау шал. Сенің ұялы аппаратыңды тегін баптап береді.

Тариф теңгемен, ҚҚС қоса есептегенде Жинақтау қадамы
 WAP 12 тг/100 Кб 1 Кб
 GPRS 25 тг/1 Мб 1 Кб