Корпоративтік жауапкершілігі

Жеке өмір құқығы, адал ниеттілік және өз еркін білдіру құқығы

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2 Қазақстан) – өзінің ықпал ету саласы шегінде айқындықты қамтамасыз ету мен корпоративтік жауапкершілік ережелерін сақтау жолымен өз беделін қорғауға талпынатын Швецияның телекоммуникациялық операторы – Теле2 тобының бір бөлігі болып табылады.

Теле2 Қазақстан жеке өмір құқығын, дербес деректердің қорғалуын, сөз бостандығы мен ерік білдіру бостандығын қоса алғанда, өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, адам құқығы жөніндегі халықаралық конвенцияларға, сондай-ақ өзінің ішкі саясаттарына сәйкес жүзеге асыратын, заңға бағынатын компания болып табылады.

Теле2 Қазақстан Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, Көпұлттық кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ басшылық қағидаттарына, Адам құқығы мен бизнес саласындағы басшылық қағидаттарына және Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғаламдық Шартына негізделген және олармен үйлесетін құндылықтар мен қағидаттарды ұстанады. Бұл құндылықтар мен қағидаттар – біздің басшылық құжатымыз болып табылатын Теле2 жүріс-тұрыс кодексіннің негізін қалайды және іске асырылған, бұл кодекске барлық қызметкерлердің, басшылардың, үшінші тұлғалардың және іскерлік әріптестердің міндетті түрде қолын қояды және олардың барлығына тарайды.

Теле2 жүріс-тұрыс кодексінде біз бизнесті ең жоғары этикалық стандарттарға сәйкес жүргізетіндігімізді мәлімдедік. Біз үшін және біздің клиенттеріміз үшін аса маңызды болып табылатын жеке өмір құқығы, адал ниеттілік және өз еркін білдіру бостандығы мәселелеріне келетін болсақ, біз қандай да бір ақпаратты, материалдарды беруді және құқық қорғау немесе өзге органдардың сауалын орындауды – тиісті заңдармен көзделген негіздемелердің, рәсімдер мен өзгешеліктердің түбегейлі тізімі шегінде шектеуге талпынамыз.

Желілерді тоқтата тұру

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II «Байланыс туралы» Заңына сәйкес, байланыс операторлары уәкілетті мемлекеттік органның талап етуі бойынша, тиісті ұйғарымды алғаннан кейін өз желісін тоқтата тұруға міндетті. Мұндай ұйғарым – қылмыстық мақсатта немесе сайлау туралы ұлттық заңнаманы бұзатын немесе экстремистік және лаңкестік әрекетті жүзеге асыруға үндейтін немесе кәмелетке толмағандарды сексуалдық пайдалануды және балалар порнографиясын насихаттайтын ақпаратты тарату мақсатында байланыс құралдары және (немесе) желілер пайдаланылған жағдайларда, Бас прокурормен немесе оның орынбасарларымен қабылданады. Осылайша, байланыс желісін тоқтата тұрудың алдында біз жоғарыда аталып өткен заңмен көзделген қағидаларға қатысты біздің желімізді тоқтата тұру туралы мемлекеттік органдардың талабын – тоқтата тұрудың негіздемесі тұрғысында, сондай-ақ мұндай талап халықаралық деңгейде мойындалған адам құқықтарын бұзбауы тиіс және бұзбайды деген біздің сеніміміз тұрғысында бағалаймыз.

Жедел іздестіру қызметі

Адамның өмірін, денсаулығын және құқықтарын құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау мақсатында, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін және қылмысты анықтау мен алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар жедел іздестіру қызметін жүзеге асырады. Ұлттық заңнама бұл қызметті – Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жария және құпия жедел іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми тұрғыда негізделген жүейсін анықтайды.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II «Байланыс туралы» Заңына сәйкес, байланыс операторлары байланыс желілерінде жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел іздестіру шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің ашылуына жол бермеу жөніндегі шараларды қолға алуға міндетті. Жедел іздестіру қызметі мәнмәтінінде біздің абоненттеріміздің дербес деректерін қорғау және мемлекеттік органдардың деректерді тек заңнамамен көзделген мақсаттарға пайдалануы бойынша кепілдік бірінші орындағы маңыздылықты иемденеді. Мемлекеттік органдардың іс-шараларды жүзеге асыруы – тағайындалу мақсатынан өзге мақсаттарға пайдаланылады деген кез-келген күдік туған жағдайда, негізгі күш-жігер, біздің пікірімізше, бірінші кезекте қадағалау органына дереу жүгінуге бағытталуы тиіс. Мұндай жүгіну диалогтар түрінде қалыптастырылуы мүмкін, және, тиісінше, адам құқықтары маңыздылығының атап өтілуімен, адам құқықтары қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен диалогқа кірісу, біздің пікірімізше, осындай мәселені шешудің дұрыс жолы болып табылады.

Tеле2 тобының жеке өмір құқығы, адал ниеттілік және өз еркін білдіру бостандығы бойынша мәлімдемесі мен көзқарасы туралы ақпаратты алу үшін, келесі сілтеме арқылы өтіңіз (ағылшын тілінде)