Теңгерімді комиссиясыз толтырамыз ба?

Байланысты артық шығындарсыз төлеудің бірнеше тәсілі бар! Біліп ал!

Tele2 Компаниясы өз абоненттеріне теңгерімді комиссиясыз толтырудың бірнеше тәсілін ұсынады:

1 тәсіл - Online төлем.
Кез келген банктің төлем картасының ұстаушысы бола тұрып, сіз оның көмегімен төлем жасай аласыз, бұл төлем сіздің телефоныңыздың теңгеріміне демде есептеледі! Мұнда сіз онлайн –төлем жасай аласыз: Естеріңізге саламыз, транзакция жасау үшін картада интернет-төлемдер жасауды рұқсат ететін амал-шарттар болуы керек. Төлем жасалған үшін комиссия алынбайды!

2 тәсіл - Tele2 сауда кеңселерінде төлеу.
В каждом салоне связи Tele2-нің әрбір байланыс салонында төлем терминалдары орналасқан, олардың көмегімен абоненттер кез келген ұялы оператордың қызметтерін төлей алады. Алайда, Tele2 қызметтерін төлегенде, сіз транзакция жасалған үшін комиссиялық алым төлемейсіз! Кеңселердің мекенжайлары мен жұмыс кестесін мұнда көре аласыз. Өз аймағыңыз бойынша ақпаратты іздестіру үшін оны беттің оң жағындағы жоғары бұрышынан таңдаңыз.

3 тәсіл - "Автотөлем".
Шотты толтыру үшін өз күшін салғысы келмейтін немесе уақыты жоқ абоненттерге арнайы Tele2 «Автотөлем» қызметін әзірледі. Жүйе сіздің шотыңызда 150 теңгеден кем сома қалғанда, теңгерімді өзі толтырады. Қызмет өзіңіздің төлем картаңызға 5 нөмірге дейін қоса алтындығыңызбен қолайлы және сіз олардағы теңгерімді толтырып отыру керектігін ұмытасыз. Қызметті қосқан және төлем жасағаны үшін ешқандай қосымша төлем алынбайды. Әр қосылған абонентке жағымды бонустық сыйлық беріледі! Толығырақ мұнда

4 тәсіл - QIWI Wallet.
qiwi_bullet_icon.pngQIWI Әмиянымен сен теңгеріміңді тез әрі қауіпсіз әрі комиссиясыз толтыра аласың.

Қызметті қолдану үшін саған аебсайт, мобильді қосымша және QIWI терминалдары қолжетімді.

Әмиянды толтыру үшін QIWI Терминалын немесе банктік картаны қолдан.
Егер QIWI Әмиянің болмаса, сен оны оңай тіркей аласың, ол үшін сенің ұялы телефоныңның нөмірі ғана керек.

5 тәсіл - Kaspi Bank-тің кез келген терминалында!
Сізге Kasbi Bank-тің картасын ұстаушы немесе клиенті болу міндет емес. Бар болғаны Kasbi Bank –тің төлем қабылдау терминалын қолданып, теңгерімді кезексіз және комиссиясыз толтырыңыз!

6 тәсіл – Killbill төлем жүйесі
Сізге үйден шықпай-ақ Tele2 ұялы байланысының қызметтерін тез, оңай әрі ыңғайлы төлеу мүмкіндігін береді. Сіз қандай да бір банктың клиенті болсаңыз да, KillBill Visa, MasterCard және American Express халықаралық жүйелерінің кез келген төлем картасынан төлемді қабылдайды.