Мобильді алаяқтық

Құрметті абоненттер! Tele2 Қазақстан Компаниясы мобильді алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткендігін ескертеді, сондықтан біз Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге септігін тигізетін абоненттерге арналған пайдалы ақпараттарды жинақтадық. Төменде біз ең көп таралған мүмкін алаяқтық сызбаларының үлгілерін келтіріп, Сізге аталған жағдайда әрекет етуге нұсқаулық ұсынамыз. Онымен өз жақын-туыстарыңызбен бөлісуіңізді сұраймыз! Қатерлі аймақтан тек зейнеткерлер мен балалар ғана емес, арамыздағы кез келген адам да табылуы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Егер қаскүнемдердің осындай әрекеттеріне кезіккен болсаңыз, өзіңізге ыңғайлы тәсілмен бізге хабарласуыңызды өтінеміз..

ТЖ немесе батареяның отырып қалуы себебімен жедел қоңырау соғу туралы өтініш.

Бейтаныс адам маңызды бір қоңырау соғуды өтіне ме? Бәлкім, ол қысқа нөмірге қоңырау соғып, Сіздің шотыңыздан көлемді қаражаттарды шешіп алғысы келген шығар немесе тіпті телефоныңызды ұрлап кетуге ниетті болуы мүмкін. Егер Сіз көмек бергіңіз келсе, бірақ қауіп-қатерге бас тіккіңіз келмесе, онда нөмірін сұрап, өзіңіз теріп беріңіз де, сұраған адамға қажет ақпаратты жеткізіңіз. Айта кеткен жөн, төтенше қызметтердің нөмірлеріне қоңырау соғу барлық мобильді телефон нөмірлерінен тегін жасалады.

Радиостанция, теледидар, мейрамхана немесе дүкен атынан қоңырау шалу немесе SMS жолдау арқылы ұтысқа ие болғандығыңызды себеп қылып, төлем картаңыздың нөмірін хабарлауыңызды өтіну.

Мобильді оператордың шотын толтыру картаңыздың нөмірін ешкімге жарияламаңыз. Аталған нөмір алаяқтарға мәлім болған сәттен бастап, Сіз картаңызды қолдана алмайсыз, ал ондағы ақшалар басқа шоттарға аударылып кетеді.

ТЖ-ға душар болған туысыңыздың атынан бейтаныс нөмірден қоңырау соғып, балансты толықтыру немесе ақша аудару туралы өтініш жасау.

Мұндай жағдайда туысыңызға тікелей қоңырау соғып, оған жауабын тек ол ғана білетін сұрақтар қою керек (айрықша белгілер, есте қаларлық күндер, оқиғалар және т.б.). Алаяқтар көбіне әлеуметтік желілердегі деректерді қолданады және кейбір сұрақтарға жауап бере алуы мүмкін. Сақ болыңыз.

Бейтаныс нөмірден қоңырау соғып немесе SMS жолдап, қате жолданған қаражаттарды қайтаруды өтіну.

Есіңізде сақтаңыз, ақша аударылғандығы туралы хабарламалар жеке нөмірлерден емес, тек мобильді байланыс операторларынан ғана келеді.

Банктен картаға тыйым салынғандығы немесе ақша шешіліп алынғандығы туралы жолданған SMS-те осыған қатысты сұрақтар туындаған жағдайда қайта қоңырау шалу қажет қолдау қызметтерінің нөмірлерін көрсету.

Бұл жағдайда Сізге банктің ресми сайтында немесе төлем картасында көрсетілген нөмірге қоңырау соғу керек.

Тегін SMS (қысқа нөмірге) жолдауды өтінетін жарнамалық таратулардан бас тарту қызметі.

Осындай тәсілмен таратуларға ешқандай қатысы жоқ алаяқтар Сіздің шотыңыздан ақша шешіп алуы мүмкін. Айта кеткен жөн, жарнамалық хабарламалардың тікелей таратылуына оператордың да қатысы жоқ, оны жеке деректер қорында абоненттердің нөмірлері қамтылатын компаниялар жүзеге асырады. Жарнамалық таратулардан бас тарту үшін, операторға жүгіну керек.

Қайырымдылық шарасын, ұтыс өткізу немесе акцияға қосылуды сылтауратып, қандай да бір нөмірге қоңырау соғуды немесе SMS жолдауды өтінген қоңырау немесе SMS.

Қайырымдылық, ұтыс және өзекті акцияларға қатысты өткізілетін шаралар туралы бүкіл ақпарат компанияның ресми сайтында «Жаңалықтар» тарауында берілген.

Жеке деректерді (құпия сөз, банк картасының нөмірі немесе коды) растау қажет сайтқа сілтеме берілген SMS (әлеуметтік желі, e-mail сервис, онлайн/банк портал).

Көбіне хабарламаларда жеке тұлға аты мен тегі бойынша аталмайды, онда нақты деректер, мысалы, карталарыңыз бен шоттарыңыздың нөмірлері көрсетілмейді, бірақ сілтеме жасалады (кейде қысқартылған, мысалы, http://u.to/N2Zw). Мұндай жағдайларда мекен-жай жолағын тексеру қажет, себебі фишингілік сайттар өз мекен-жайларында бірнеше символды ауыстыру арқылы танымал сайттың атымен бүркемеленеді, мысалы, facebook.com орнына faceb00k.com немесе http://vk0ntakte.ru. Сонымен қатар, сайттың SSLсертификатын тексеруді ұсынамыз – қорғалған HTTPS-қосылыстың орнатылғандығын хабарлайтын мекен-жай жолағындағы «құлыпша»:

Ешбір жағдайда ешкімге өз құпия сөздеріңізді, карталарыңыздың пин-коды мен нөмірлерін SMS бойынша хабарлар, жолдамаңыз.

Қосымшаларды орнату.

Қосымшаларды тек ресми арналардан орнату керек (GooglePlay, AppStore және т.б.). Телефон икемдеулерінде «бөгде дереккөздерден қосымшаларды орнату» тәртібінің сөндірілгендігіне көз жеткізіңіз. Орнату барысында қосымша сұрататын құқықтарды бақылаңыз. Міндетті түрде Android, Symbian, WindowsPhone платформасындағы антивирустық БЖ орнатыңыз.

«Бөгде SMS-терді оқуға арналған бағдарлама», «Телефонды тың-тыңдау бағдарламасы», «Телефондар контроллері», «Мобильді детектор», «Мобильді локатор», «Мобильді рентген» сияқты қосымшаларды орнату барысында қатынасхат, телефон арқылы келіссөз және басқа да хабарламалардың құпиясын бұзуға тыйым салынғандығын және бұл Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тартылатындығын есіңізде сақтаңыз. Сонымен қатар, бұл бағдарламалар көбіне мәлімденген атқарымдарды атқармайды және түрлі зиянды қосымшалардың бүркемесі болып табылады. Сақ болыңыз!

Және де Сізге өз телефоныңызды бөгде адамдарға бермеуге кеңес береміз. Ұялы телефоныңызды рұқсатсыз қатынаудан қорғау үшін, оқшаулаудан босатуға құпия сөз белгілеуіңізге болады (өз телефон үлгіңізге ұсынылған нұсқаулықты оқыңыз).