Мобильді қосымшалар

Теlе2 тегін қосымшаларын жүкте және орнат. Қызметтерді өзіңнің телефоныңның экранынан басқар.

Tele2 Қазақстан
Қосымшасы
Өз телефоныңның экранынан нақты уақыт тәртібінде қызметтер мен шоттарды басқар.
Tele2 Гудок
Қосымшасы
Өз телефоныңның экранынан жалықтыратын гуілдердің орнына жағымды әуендер орнат.

ОС Android және iOS смартфондарының иегерлеріне арналған «Tele2 Қазақстан» мобильді қосымшасы. Қосымшада анықтамалық ақпараттар, сонымен қатар теңгерімді тексеру, абоненттің шотының детализациясы мен тарифтік жоспарларды басқарудың ыңғайлы механизмдері қолжетімді.

Қосымшада авторизация жасау үшін абонент өз нөмірі мен «Жеке кабинет» парольін енгізуі керек. Сонымен бірге SMS арқылы парольге сұрау жіберуге болады, бұл ретте авторизация автоматты түрде өтеді.

03.07.2015 ж. бастап «Tele2 Казахстан» мобильді қосымшасын пайдаланған кезде мобильді интернеттің трафигі есептелмейді.

ОС Android смартфондарының иегерлеріне арналған «Tele2 Гудок» мобильді қосымшасы. Гуілдің орнына әуенді орнату үшін «Tele2 Гудок» қосымшасын жүктеу жеткілікті, және сіз жалықтыратын әуендердің орнына танымал әуендер мен әзілдерді тыңдай аласыз. Өзіңнің жақын адамдарыңа сыйлық жаса және көңіл- күйлерін көтер!

Қосымшада ең танымал әуендер мен жаңа хиттер жинақталған. Тапсырыс берер алдында сүйікті әуеніңді тыңдап алып, бір басым жасап гуілдің орнына орнатуға болады.