Жасырын нөмірлерді анықтаушы

Жасырын нөмірлерді анықтаушы

Белгісіздің кім екенін анықта

Сенің телефоныңа келіп түскен қоңыраудың нөмірі жасырын ба? «Жасырын нөмірлерді анықтағыш» қызметімен сен өзіңе қоңырау шалып отырған абоненттің нөмірін көре аласың.

Бұл қызмет барлық Tele2 абоненттері үшін қол жетімді.

  • Бұл қызметті қосудың құны 15 теңге.
  • Қызметті пайдаланғаны үшін төленетін абоненттік төлем күніне 5 теңгені құрайды.
  • Өзің үшін барынша ыңғайлы қосылу әдісін таңдап ал:

    1. Өз бетінше Жеке кабинетте;
    2. Өзіңнің ұялы телефоныңнан қосылу пәрменін тер:

    *117*1#
    немесе ажырату пәрменін тер:
    *117*2#;

    3. Қосылу үшін – 117 нөміріне «1» саны жазылған мәтінмен SMS жібер, ал ажырату үшін – 117 нөміріне «2» саны жазылған мәтінмен SMS жібер;

  • Егер абоненттің күн сайынғы абоненттік төлемді шешіп алу үшін жеткілікті қаражаты болмаған жағдайда, бұл қызмет көрсетілмейді. Теңгерімді толтырған кезде «Жасырын нөмірлерді анықтағыш» қызметі қол жетімді болады.

Назар аударыңыз!
Бұл қызметтің дұрыс жұмыс жасауына – Қазақстан Республикасы аумағында болуы шартымен кіріс қоңыраулар Tele2 желісінің абоненттерінен келген жағдайда ғана кепілдік беріледі. Кіріс қоңыраулары басқа операторлардың абоненттерінен келген жағдайда нөмірді анықтау мүмкін болады, бірақ бұған кепілдік берілмейді.