Конференц-байланыс

Конференц-байланыс

Бірнеше абонентпен қатар сөйлес

«Конференц-байланыс» қызметімен — сен бір уақытта бірнеше қатысушылармен (сені қосқанда, 6 адамға дейін) әңгіме жүргізе аласың.

«Конференц-байланыс» келесі жағдайларда өте қолайлы:

  • Бірнеше досыңмен бір уақытта әңгімелесу қажет болғанда - барлық достарыңызға кезекпен қоңырау шалып, бір мәселені әрқайсысымен бөлек талқылап жатудан гөрі, демалыс күнгі жоспарды бірлесіп, бір уақытта шешкен әлдеқайда ыңғайлы емес пе.
  • Талқылауға мүдделі және жауапты тұлғалардың барлығын жеке кездесуге жинау мүмкін болмаған кезде, іскерлік келіссөздер жүргізу үшін

Ешқандай арнайы жабдықтың қажеті жоқ — тек ұялы телефоныңның өзі жеткілікті! Бекітілген және ұялы желілердің абоненттері конференция қатысушылары бола алады.

Конференц-байланыс сеансы барысында, сен төменгідей әрекеттерді жасай аласың:

  • Шығыс қоңырауын шалып, жаңа сөйлесуші адамды қосу
  • Әңгімені үзбестен, кіріс қоңырауын қабылдап, байланыс орнатылғаннан кейін, жаңа сөйлесуші адамды әңгімеге қатыстыру
  • Абоненттердің біреуімен қосылысты үзіп, қалғандарымен байланысты сақтап қалу
  • Сөйлесіп отырған адамдармен қосылысты сақтап, кіріс қоңырауынан бас тарту немесе конференц-байланысты ажыратып, оны қабылдау
  • Сөйлесуші адамдардың біреуімен уақытша әңгімелесуге ауысып, кейін конференция тәртібіне қайта оралу. Бұл әрекеттерді телефон мәзірі арқылы немесе пернетақтадағы арнайы командалар жиынтығының көмегімен жүзеге асыруға болады.

«Конференц- байланыс» қызметі Tele2-нің барлық Тарифтік жоспаріндегі абоненттерге жарамды. . Телефоныңа қоса берілген нұсқаулықпен мұқият танысып шық. Егер телефоның қоңырауды күту, қоңырауды ұстап тұру және конференц-байланыс қызметтерін қолдаса, сен өз телефоныңның мәзірі көмегімен осы қызметтерді пайдалана аласың.

Конференция-байланыстың бастаушысы конференцияның әр қатысушысымен жүргізген әңгімені өз тарифіне сәйкес төлейді.

Басқа нөмірге бағытталған қоңырау минутының құны – сенің тарифтік жоспарына сәйкес