Бейнелі қоңырау

Бейнелі қоңырау

Егер сөздер жеткіліксіз болса, сен әңгімелесіп отырған адамды көре аласың

Адамдардың бір-бірімен нақты уақыт тәртіптемесінде, мобильді терминалдың экраны арқылы сөйлесе алатындығы туралы идеялар фантастикалық романдарда өте көп кездеседі. «Бейнеқоңырау» қызметімен бұл енді шындыққа айналып отыр – ұялы телефонның бейнекамерасын пайдалана отырып достарыңызбен және таныстарыңызбен, әріптестеріңізбен және серіктестеріңізбен бетпе-бет тілдесіңіздер! Бұл ретте, олар Қазақстанның қай нүктесінде екендігінің маңызы жоқ!

Бұл үшін Сізге қажет болатын нәрсе - 3G желісін қолдайтын, бейнекамерасы бар және Tele2 желісіне қосылған ұялы телефон.

Бейнеқоңырау дегеніміз – Қазақстанның басқа қалаларында тұратын өз туыстарыңыз бен жақындарыңызды көрудің керемет әдісі, сондай-ақ өз сұхбаттасыңыздың даусын естіп қана қоймай, сонымен оның көңіл-күйін көрудің, әңгімелесу барысында өзіңізді қоршаған ортаны көрсетіп бөлісудің керемет әдісі.

Бұл қызмет қосылуды қажет етпейді және бейнеқоңырау функциясын қолдайтын ұялы телефоны бар Tele2 абоненттерінің барлығы үшін үнсіздік бойынша қол жетімді болып табылады.

Сіздің тарифтік жоспарыңыз шеңберінде минуттар пакеті немесе шексіз сөйлесулер ескерілген жағдайларды қоспағанда, бейнеқоңыраулардың құны Сіздің тарифтік жоспарыңыздағы дауыстық байланыстың құнына үйлес. Бұл жағдайда бейнеқоңыраудың құны тарифтік жоспардың қосымша шарттарымен анықталады. Бұл қызмет тек «Tele2 Қазақстан» желісінде жұмыс істейді және ромингте қол жетімсіз болып табылады.

Бұл қызмет қосылуды қажет етпейді және бейнеқоңырау функциясын қолдайтын ұялы телефоны бар Tele2 абоненттерінің барлығы үшін үнсіздік бойынша қол жетімді болып табылады.

Бейнеқоңырау жасау үшін, келесіге көз жеткізіңіз:

  • Сіз және Сіздің сұхбаттасыңыз «Tele2 Қазақстан» желісінің қамту аймағында болуыңыз тиіс. Екі телефонда да «Қос тәртіптеме» немесе «Тек 3G» қосылған болуы тиіс, ал экранда 3G символы көрінуі тиіс.
  • Екі телефон да «Бейнебайланыс» тәртіптемесін қолдауы тиіс. Әдетте байланысты таңдаған кезде телефон мәзірінен «Қоңырауды» немесе «Бейнеқоңырауды» таңдау мүмкіндігі болады.