Автожауапбергіш

Автожауапбергіш

Саған қоңыраулары жетпегендерден дыбыстық хабарлама ал

«Автожауапбергіш» қызметі — сенің жеке ұялы хатшың.

Егер сенің телефоның сөндірулі немесе сен қоңырауға жауап бере алмасаң, кез келген қоңырау шалған адам саған дауыстық хабарлама қалдыра алады, ал сен хабарламаны өзіңе ыңғайлы уақытта тыңдай аласың. Егер сенің дауыстық пошта жәшігіңе жаңа хабарламалар келген болса, сен бұл ақпаратты SMS-хабарлама түрінде аласың. Дауыстық хабарламаларды тыңдау үшін ұялы телефоныңнан 2000 тер.

Қызметті қосу және қалдырылған хабарламаларды тыңдау тегін, абоненттік төлемсіз. Сен қалдырған дауыстық хабарлама сенің тарифтік жоспарына сәйкес Tele2 желісіне шығыс қоңырау түрінде төленеді.

Қызметті қосу үшін телефонның мәзірі арқылы қоңырауларды басқа нөмірге бағыттауды реттеуді жүзеге асыру керек немесе *62*2000# немесе *114*1# тегін командаларын пайдалану керек.

"Автожауапбергіш" қызметін бағалаңыз

  • Сен қоңырауларды «2000» қызмет көрсету нөмірінен басқа нөмірге бағыттаған болсаң «Автожауапбергіш» қызметі жұмысын тоқтатады. «Автожауапбергіште» әр қайсысының ұзақтығы 30 секундқа дейін 20 хабарлама сақталады.
  • Хабарламалардың сақталу мерзімі -14 тәулік.
  • Қызметті өшіру үшін ##002# немесе *114*2# командаларын пайдалан. Өшіру тегін.
  • «Автожауапбергіш» қызметі сенің телефоныңда қол жетімділік бойынша қоңырауды басқа нөмірге бағыттау орнатылмаған болса, және басқа нөмірге жауап бермегенде жұмыс жасамайды.
  • Қалдырылған дауыстық хабарламалар туралы SMS-хабарламалар 24 сағат бойы сақталады. Бұл мерзім өткен соң барлық SMS-хабарламалар жойылады.