«Онлайн төлем» қызметін ұсыну шарттары

«Онлайн төлем» қызметі «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС байланыс қызметтерін барлық банктердің Visa, MasterCard және American Express банктік карталары арқылы банктік карталарды алдын ала тіркеусіз төлеуге мүмкіндік береді.


Төлемді жасамас бұрын «Онлайн төлем» қызметін көрсетудің ережелерімен танысуыңызды сұраймыз. Танысып болғаннан кейін, егер Сіз аталған шарттармен келіссеңіз, тиісті терезедегі «Мен шарттармен келісемін» сөзінің жанына қанат белгісін қойыңыз.

Аталымдар және анықтамалар

Оператор – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС

Банк - «Казкоммерцбанк» АҚ.

Абонент - Оператор Қызметтерін пайдаланатын жеке және заңды тұлға

Абоненттік келісім шарт - байланыс қызметін көрсету туралы қызметті Алушы және  «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС арасындағы келісім шарт

Абоненттік нөмір - Қызметті Алушыны ұялы байланыс желісінде байланыстыру және сәйкестендіру жүргізілетін Алушыға берілетін телефон нөмірі.

Төлеуші - Онлайн төлем қызметі арқылы  «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС  пайдасына төлем төлейтін банктік картаның иесі.

Дербес шот - ұялы байланыс Операторымен өзара есеп айырысу күйі, және де Абоненттің қаражаты туралы ақпараттар берілген жүйе нысаны.

Қызметтер - Tele2  сауда белгісімен ұсынылатын ұялы байланыс қызметі.

Төлем карталары - жеке тұлғалармен, соның ішінде өкілетті заңды тұлғалармен Банктағы ақшалай қаражаттармен операциялар жасауға арналған қолма-қол ақшасыз есептесу құралы.

Қуаттау – Сіздің несие картаңызды пайдалану арқылы тауарларды және қызметтерді төлеу операцияларын жүргізуге ұсынылатын Банк-эмитенттің (төлем картасын шығарған), рұқсаты.

Төлеу қауіпсіздігі.

1.Қуаттау жүйесі, сатып алушыға, оның карточкасының деректемелері (нөмір, жарамдылық мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтіндігіне кепілдік береді, себебі бұл деректер қуаттау серверінде сақталынбайды және ұрланбайды.

2.Төлеуші өз төлеу деректемелерін Оператор сайтында енгізбей, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның E-pay қуаттау жүйесінде енгізеді, олай болса, сатып алушының деректемелері тиісті өкілеттігі бар банк қызметкерлерінен басқаларға қол жетімсіз.

3.Берілетін деректердің қауіпсіздігі SSL хаттамасын пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі, сол себепті деректерді беру кезінде ұсталмайды.

Өзге шарттар

1. Tele2 Сауда маркасының пайдасына төлем 50 (елу) теңгеден, бірақ 10 000 (он мың) теңгеден аспайтындай сомада төленуі керек.

2. Тәулік бойы бір картадан жасалған төлемнің ең жоғарғы сомасы 50 000 (елу мың).

3. Тәулік бойы төлем картасынан 5 (бес) транзакция  жасау.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС «Онлайн төлемдер» үшін комиссия немесе өзге төлемдер алмайды. Сіз таңдаған сома, Сізбен көрсетілген Абоненттік нөмірдің Дербес шотын толықтыруға жіберіледі.

Интернет арқылы электрондық төлемді қауіпсіз жүргізу үшін кейбір банктер 3D Secure  кодын сұрайды. Сіз төлем картаңыз туралы деректерді енгізгеннен кейін Сізден  3D Secure кодын сұрауы мүмкін.  Егер Сізде 3D Secure коды болмаса, Сіз оны өз банкіңізден сұрауыңыз қажет.

Казкоммерцбанк АҚ-ның төлем карточкалары бойынша 50 АҚШ долларынан астам (теңге баламасында) төлем жасағанда 3DSecure/SecureCode коды талап етіледі. Ол www.homebank.kz  арқылы немесе Төлеуші банкке келгенде орнатылады. Егер төлем сомасы 50 АҚШ долларынан төмен болса (теңге баламасында), 3DSecure/SecureCode сұралмайды.

«Төлеу» пернесін басу арқылы Сіз берілген шарттармен танысқаныңызды және сол шарттарды қабылдайтыныңызды растайсыз.

«Онлайн төлем» қызметі арқылы  «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қызметтерін төлеуді іске асыру:

www.tele2.kz сайтынан Төлеуші «Онлайн төлем» тармағын таңдап алады.

1.Төлеуші  «Онлайн төлем» қызметі арқылы толықтыратын Абоненттік нөмірді тереді.

2.Төлеуші көрсетілген Абоненттік нөмірге жіберілетін төлем сомасын көрсетеді.

3.Төлеуші төлеу шарттарымен келіскен жағдайда, тиісті терезеге қанат белгісін қойып, «ақы төлеу» пернесін басады..

4.«Төлеу» пернесін басқаннан кейін Төлеуші «Казкоммерцбанк» АҚ серверіндегі қорғалған http://epay.kkb.kz электрондық төлеу WEB-порталына жолданады. Онда Төлеуші өзінің төлеу карточкасындағы деректерді енгізеді.

5.Онлайн төлеу қорғалған  -http://epay.kkb.kz WEB-порталына төлем карточкасының деректемелерін, төлем карточкасының серпінді сәйкестендіруінің арнайы кодын енгізіп, Банк оны сәтті қуаттағаннан кейін жүргізіледі.

6.Банк Төлеушінің төлем картасын сәтті қуаттап,  транзакцияны (Онлайн төлемнің) сәтті өткізгеннен кейін Абоненттік нөмірдің теңгерімін толтыру жүзеге асырылады. Абоненттік нөмірге (Онлайн төлем жүргізілетін) теңгерімнің толтырылғаны туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС  Төлеушімен көрсетілген қате Абоненттік нөмірге төленген төлем және қате көрсетілген сома үшін жауап бермейді. Қате көрсетілген нөмірге төленген төлем және Төлеушімен көрсетілген қате сома қайтарылмайды.

Онлайн төлем жасағанда Төлеуші  өз әрекетінің мақұлданғанына кепілдік береді. Төлем картасы жоғалған немесе ұрланған болса, Төлеуші төлем картасының банк-эмитентімен (оны шығарған) хабарласуы керек.  «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Төлеушінің төлем картасын  үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдаланғанына жауап бермейді.