Tele2 «Білімдік интернет» қызметін іске қосады

01.02.2018


Балаңыздың қауіпсіз интернет-серфингі туралы ойланыңыз!

2018 жылдың 1 ақпанынан құрылғыдағы интернет-қорларға шектеу қоюға мүмкіндік беретін «Білімдік интернет» қызметі іске қосылады. Қызметті қосқанда, мобильді интернет-трафик балаларға орынсыз контенті бар сайттарға шектеу қоятын арнайы рұқсат нүктесінен өтеді. «Білімдік интернет» қызметі шеңберінде қолжетімділік сақталатын сайттардың толық тізімі осы жерде.

Қызметтің құны айына 200 теңгені құрайды. Қосылу командасы: *191*1#. Қызмет туралы толық ақпарат осы жерде.